«Қоршаған әлемді ізгілікке толтырамыз!»
Сабақ мақсаты: Сынып оқушылардың жәбірлеу, зорлық-зомбылық, буллингке қарсы тұрудағы жауапты мінез-құлқын қалыптастыру. Барлығы 11 сынып оқушылары; 25 топ – 407/ 385 бала қатысты. Тренинг барысында «Визитка» жаттығуы жасалады, буллинг туралы видеоролик көрсетіліп, сол бойынша флипчартта талқылау жасалынды. Күтілетін нәтижелер: оқушылардың мектептегі білім алушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған командада жұмыс істеуге ынтасы артады; медиацияның мәнін, принциптерін, ережелерін түсінеді, медиацияның кейбір дағдыларын меңгереді.